01.04.2026 02:20
Испания Египетті жеңе алмады
01.04.2026 02:20
Халықаралық жолдастық кездесу аясында Испания өз алаңында Египетпен тең тарқасты

Корнелья-де-Льобрегат қаласында өткен матчта гол соғылмай, 0:0 есебі тіркелді. 84-минутта мысырлық жартылай қорғаушы Хамди Фатхи екінші сары қағазын алып, алаңнан қуылып кетті.
Бұған дейін Луис де ла Фуэнте шәкірттері төрт күн бұрын Сербияны 3:0 есебімен ойсырата жеңген еді.
Айта кетейік, «қызыл фурия» биылғы Әлем чемпионатында Кабо-Верде, Сауд Арабиясы және Уругваймен Н тобында ойнайды.