17.09.2025 08:29
«Қарабахтан» жеңілген «Бенфика» бапкерсіз қалды
17.09.2025 08:29
«Бенфика» президенті Руи Кошта Бруну Лаженің бас бапкер қызметінен босатылғанын хабарлады.
Басшылық мұндай шешімге Чемпиондар лигасының 1-турында «Қарабахтан» 2:3 есебімен жеңілгеннен кейін келді.
49 жастағы маман «қырандарды» 2024 жылдың қыркүйегінде тізгіндеген еді. Осы аралықта 66 матч (46 жеңіс 9 тең, 11 жеңіліс) өткізді.
Ал бірнеше дереккөздің хабарлауынша, Лаженің орнын Жозе Моуринью басуы мүмкін. Жаңа бапкер 20 қыркүйекке дейін тағайындалады екен.