17.09.2025 02:30
«Қарабах» Лиссабон жерінде сенсация жасады
17.09.2025 02:30
Чемпиондар лигасының 1-турында «Қарабах» сырт алаңда «Бенфиканы» тізе бүктірді
Лиссабонда өткен кездесуде әзірбайжандық клуб 3:2 есебімен жеңіске жетті.
Матч бастала сала Энцо Барренечеа мен Вангелис Павлидис гол соғып, «Бенфиканы» есепте алға шығарған еді. Алайда «Қарабах» бұған үш голмен жауап қайтарды. «Сәйгүліктердің» сапында Леандро Андраде, Камило Дуран және Алексей Кащук маңызды голдардың авторы атанды.
Енді Агдамның клубы келесі турда өз алаңында «Копенгагенді» қабылдайды.