25.09.2025 21:58

«Қайрат» қалған ойынын Астанада өткізуі мүмкін

25.09.2025 21:58

Алматылық клуб ЛЧ-ның жалпы кезеңіндегі төрт кездесуді де «Орталық» стадионда өткізуге ниетті. Алайда «сақтықта қорлық жоғын» ескеріп, қосымша нұсқаны қарастырады

«Қайрат» өз алаңында 30 қыркүйек күні Мадридтің «Реалын» қабылдайды. 21 қазанда «Пафоспен» ойнаса, 9 желтоқсанда «Олимпиакосты» қонаққа шақырып, 20 қаңтарда «Брюггенің» шамасын байқайды.

Осылайша, 9 желтоқсан мен 20 қаңтарда Алматыдағы ауа температурасына байланысты кездесу басқа жерде өтуі ғажап емес. Мәселен, «Қайрат» резерв стадион ретінде «Астана-Аренаны» тізімге қосты. Демек, қыстағы «Олимпиакос» пен «Брюггеге» қарсы матч елордада өтуі мүмкін.

Айзат Айдарқызы

Айзат Айдарқызы

InstagramInstagram