22.10.2025 00:05

«Қайрат» – «Пафос» матчының үздік ойыншысы белгілі болды

22.10.2025 00:05

Давид Луис «Қайрат» – «Пафос» (0:0) матчының үздік ойыншысы атанды

Кипр клубының 38 жастағы қорғаушысы Алматыда толық матч өткізді.

Бразилиялық футболшы біздің жігіттерден бес мәрте допты тартып алды. Жалпы 9,1 шақырым жүгіріп тастапты. Ал ең жоғары жылдамдығы сағатына 30,9 шақырымға дейін жеткен.

Үш ойында бір ұпай жинаған «Қайрат» live-кестеде 34-орынға жайғасты. Рафаэль Уразбахтин шәкірттері келесі турда Миланда «Интермен» шеберлік байқасады.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram