21.10.2025 23:38
«Қайрат» «Пафоспен» тең тарқасты
21.10.2025 23:38
УЕФА Чемпиондар лигасының 3-туры аясында «Қайрат» өз алаңында «Пафоспен» тең тарқасты

Алматыдағы «Орталық» стадионда өткен кездесуде есеп ашылмады.
Матчтың 4-минутында қонақтардың қорғаушысы Араухо Коррея алаңнан қуылып, «Қайрат» сан басымдығына ие болған еді. Бірақ, отандық клуб қанша тырысқанымен гол соға алмады.
Сондай-ақ 72-минутта қарсылас команда қақпа торын тулатты. Алайда қуанышымызға орай бұл офсайд деп танылып, есепке алынбады.
Осылайша Алматының клубы өз тарихында алғаш рет Чемпиондар лигасында ұпай еншіледі. Бұған дейін «Спортинг» (1:4) пен «Реалға» (0:5) есе жіберген еді.
Үш ойында бір ұпай жинаған отандастарымыз турнир кестесінде 33-орында келеді. Рафаэль Уразбахтин шәкірттері келесі турда Миланда «Интермен» шеберлік байқасады. Аталған кездесу 5 қарашаға жоспарланған.
Фото: Аяна Несіпбекова