21.10.2025 18:18
Суперкомпьютер «Қайраттың» жеңіске жету мүмкіндігін бағалады
21.10.2025 18:18
Opta суперкомпьютері «Қайраттың» «Пафосқа» қарсы ойындағы жеңіске жету мүмкіндігін болжады

Дереккөздің пайымынша, алматылық ұжымның басым түсу ықтималдығы 33%-ды құрайды. «Пафостың» жеңісі 38%-ға бағаланған. Ал тең есеп тіркеледі деген болжамға 28% беріп тұр.
Чемпиондар лигасының 3-туры аясында Алматыда өтетін ойын бүгін, 21 қазан сағат 21:45-те басталады.
Ойынды Qazaqstan Ұлттық телеарнасынан тамашалай аласыздар.