21.10.2025 15:34
«Қайрат» «Пафосқа» есе жіберді
21.10.2025 15:34
19 жасқа дейінгі «Қайрат» командасы UEFA Жастар Чемпиондар лигасының үшінші турында өз алаңында «Пафосқа» 1:4 есебімен жол берді

Алматылықтардың жалғыз голын 51-минутта Абылай Төлеухан соқты. Ал қонақтардың сапында Давид Феррера Терронес, Георгиос Михайл және Марсело Алвес мергендік танытты.
Отандастарымыз осыған дейін алғашқы екі турда «Спортинг» (2:3) пен «Реалға» (1:4) жеңіліп қалған еді. Енді 5 қараша күні түзде «Интерге» қарсы ойнайды.