02.10.2025 14:33
Қайрат Боранбаев: «Плей-оффқа шығатынымызға сенемін»
02.10.2025 14:33
«Қайрат» футбол клубының төрағасы Қайрат Боранбаев командасының Чемпиондар лигасындағы әлеуеті туралы пікір білдірді
— «Плей-оффқа шығатынымызға сенемін. Футболда бәрі мүмкін. Бәсекелестіктің жоғары деңгейде екенін түсініп тұрмын. Бірақ, сенім мен жанкүйерлердің қолдауы мүмкін еместі мүмкін етеді,– деді Қайрат Боранбаев «Спорт-экспресс» басылымына.
Айта кетейік, алғашқы екі турда «Спортинг» (1:4) пен «Реалға» (0:5) есе жіберген Алматының ұжымы турнир кестесінде соңғы орында келеді.