15.02.2026 12:58

Пулишич АПЛ-ге оралуы мүмкін

15.02.2026 12:58

«Милан» вингері Кристиан Пулишич Ағылшын Премьер-лигасына оралуы мүмкін

Caught Offside хабарлауынша, оған «Арсенал», «Манчестер Юнайтед» және «Тоттенхэм» қызығушылық танытып отыр. Ал «россонерри» 27 жастағы америкалық ойыншыны 70-80 миллион еуроға бағалайды. Кристианның өзі Англияда қайта ойнауға қарсы емес екен.

Пулишич «Миланға» 2023 жылы «Челсиден» 20,8 миллион еуроға ауысып келген еді. Ол осы маусымда 21 матчта 10 гол соғып, екі нәтижелі пас берді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram