15.02.2026 12:42
«Челси» ойыншысы қатардан шықты
15.02.2026 12:42
«Челси» қорғаушысы Марк Кукурельяның жағдайы белгілі болды

27 жастағы испан ойыншысы «Лидске» (2:2) қарсы ойында тізе асты сіңірін зақымдап алған еді.
Салдарынан шамамен 3-4 апта көлемінде командасына көмектесе алмайды екен. Осыған байланысты 1 наурыз күні өтетін «Арсеналға» қарсы дербиден тыс қалайын деп тұр.
Кукурелья осы маусымда 35 матчта бір гол соғып, үш нәтижелі пас берді.