21.01.2026 03:13

ПСЖ жеңіліп қалды

21.01.2026 03:13

УЕФА Чемпиондар лигасының 7-турында ПСЖ сырт алаңда «Спортингке» жол берді

Лиссабонда өткен кездесу 2:1 есебімен аяқталды. Алаң иелері сапында Луис Суарес дубль жасады. Ал ПСЖ-ның жалғыз голын Хвича Кварацхелия соқты.

Осылайша «Спортинг» 13-ұпайын олжалап, турнир кестесінде алтыншы орынға жайғасты. Дәл осындай ұпайға ие Париждің клубы бесінші орында тұр.

Луис Энрике шәкірттері келесі турда 28 қаңтар күні «Ньюкаслды» қабылдайды.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram