21.01.2026 03:04

«Арсенал» «Интерден» басым түсті

21.01.2026 03:04

УЕФА Чемпиондар лигасының 7-турында «Арсенал» сырт алаңда «Интерді» тізе бүктірді

Джузеппе Меацца атындағы стадионда өткен кездесу 1:3 есебімен аяқталды. Лондон клубының сапында Габриэль Жезус дубль жасаса, Виктор Дьокереш бір мәрте дараланды. Ал алаң иелерінің жалғыз голын Петар Сучич соқты.

Осылайша ұпайдан шашау шығармай келе жатқан «зеңбірекшілер» турнир кестесінде көш басындағы орнын нықтай түсті.

Микель Артетаның шәкірттері келесі турда 28 қаңтар күні «Қайратты» қабылдайды.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram