20.01.2026 22:20
«Қайрат» «Брюггеге» жол берді
20.01.2026 22:20
УЕФА Чемпиондар лигасының 7-турында «Қайрат» өз алаңында «Брюггеге» есе жіберді

«Астана Аренада» өткен кездесуде алматылықтар 1:4 есебімен жеңіліп қалды. Бізден жалғыз голды Әділет Садыбеков соқты. Ал «Брюгге» сапында Александр Станкович, Ханс Ванакен, Ромео Верман және Брендон Мехеле мергендік танытты.
Осылайша еншісінде бір ұпайы бар «сары-қаралар» турнир кестесінде соңғы орында қалды.
Рафаэль Уразбахтин шәкірттері келесі турда 28 қаңтар күні «Арсеналға» қонаққа барады.