20.01.2026 18:24

Винисиуске 230 млн еуро ұсыныс түсті

20.01.2026 18:24

«Реал» шабуылшысы Винисиус Жуниорға Сауд Арабиясының клубтары көз тігіп отыр

Indykaila News хабарлауынша, Саудияның бір командасы Винисиус үшін «Реалға» 230 миллион еуро көлемінде ұсыныс жасаған. Бірақ Мадридтің клубы ойланбастан бетін қайтарыпты. «Бланкос» жұлдызды ойыншысын осы қыста жібергісі келмейді.

25 жастағы Бразилия құрамасының вингері осы маусымда 29 матчта алты гол соғып, сегіз нәтижелі пас берді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram