20.01.2026 15:27

Суперкомпьютер «Қайраттың» жеңіске жету мүмкіндігін бағалады

20.01.2026 15:27

Opta суперкомпьютері «Қайраттың» «Брюггеге» қарсы ойындағы жеңіске жету мүмкіндігін бағалады

Дереккөздің пайымынша, Алматы ұжымының басым түсу ықтималдығы 18,8%-ды құрайды. Қонақтардың жеңісі болса 59,9%-ға бағаланған. Ал тең есеп тіркеледі деген болжамға 21,4% беріп тұр.

Чемпиондар лигасының 7-туры аясында «Астана Аренада» өтетін ойын бүгін, 20 қаңтар сағат 20:30-да басталады. Ойынды Qazaqstan Ұлттық телеарнасынан тікелей эфирде тамашалай аласыздар.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram