20.01.2026 15:11
«Барселона» ойыншысы қатардан шықты
20.01.2026 15:11
«Барселона» шабуылшысы Ферран Торрес жарақат алды

25 жастағы испан форварды санының артқы бұлшық етін зақымдап алыпты. Осыған байланысты ол ертең, 21 қаңтар күні Чемпиондар лигасының аясында өтетін «Славияға» қарсы ойынға қатыспайды. Торрес қатарға шамамен 10 күннен кейін оралады.
Бұл Ферранның мансабындағы тоғызыншы жарақаты болды. Осыған дейін 253 күні емделуге кетіп, 56 матчтан тыс қалған. Ал осы маусымда 27 матчта 15 гол соғып, бір нәтижелі пас берді.