20.01.2026 12:34

Матета «Ювентуске» ауысуға жақын

20.01.2026 12:34

«Кристал Пэлас» шабуылшысы Жан-Филипп Матета «Ювентуске» ауысуға жақын

Николо Скираның хабарлауынша, Туриннің клубы 28 жастағы французды жалға алу үшін «Кристал Пэласқа» екі миллион еуро ұсынды. Сондай-ақ 30,5 миллионға сатып алу құқығын қарастырып отыр.

«Бьянконери» Матетаның өзімен жеке келісімге келіп қойыпты. Жан-Филипп жаңа клубында бонустарды есептемегенде жылына 3,5 миллион еуро табыс табады екен. Енді «Юве» «Кристал Пэласпен» келіссөз жүргізіп жатыр.

Матета осы маусымда 33 матчта 10 гол соғып, екі нәтижелі пас берді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram