20.01.2026 09:22

Рубен Невеш «Манчестер Юнайтедке» ауысуы мүмкін

20.01.2026 09:22

«Әл-Хиләл» жартылай қорғаушысы Рубен Невеш «Манчестер Юнайтедке» ауысуы мүмкін

Экрем Конурдың хабарлауынша, манкуниандықтар 28 жастағы Португалия құрамасының тұтқауылына ресми ұсыныс жасады. «Қызыл сойқандар» Рубен үшін 23 миллион еуро ұсынды. Енді «Әл-Хиләлдың» жауабын күтіп отыр. Ал ойыншының өзі Саудиядан кеткісі келмейді екен.

Невеш осы маусымда 21 матчта сегіз гол соғып, төрт нәтижелі пас берді. Оның Эр-Рияд клубымен келісімшарты 30 маусымға дейін жарамды.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram