20.01.2026 08:57
«Боруссия» ойыншысымен келісімшартты ұзартады
20.01.2026 08:57
«Боруссия» қорғаушысы Эмре Джан клубта қалады

Bild хабарлауынша, қос тарап келісімшартты 2028 жылдың 30 маусымына дейін ұзарту туралы келісімге келді. Жаңа құжатқа сәйкес, оның жалақысы біршама қысқарады екен. Қазір ол Дортмундтың клубында жылына шамамен тоғыз миллион еуро алып жүр.
32 жастағы неміс ойыншысы «аралардың» намысын 2020 жылдан бері қорғап келеді. Джан осы маусымда 12 матчқа қатысып, бір гол соқты. Оның қазіргі келісімшарты келер жазда аяқталады.