19.01.2026 20:58
Марк Гехи «Ман Сити» ойыншысы атанды
19.01.2026 20:58
Марк Гехи «Кристал Пэластан» «Манчестер Ситиге» ауысты

Қос тарап 2031 жылдың 30 маусымына дейін жарамды келісімшартқа қол қойды. Трансфер құны бонустармен есептегенде 29 миллион фунт стерлингті құрады. Ал жылдық жалақысы шамамен 18 миллион еуро екен. Гехи жаңа клубында 15-нөмірмен тер төгеді.
25 жастағы Англия құрамасының қорғаушысы осы маусымда 33 матчқа қатысып, үш гол мен төрт ассисттің авторы атанды.