19.01.2026 19:31

Дастан Сәтпаев «Брюггеге» қарсы ойнамайды

19.01.2026 19:31

«Қайрат» бас бапкері Рафаэль Уразбахтин шәкірті Дастан Сәтпаевтың жағдайына қатысты пікір білдірді

— «Өкінішке орай, Дастан ойнамайды. Ол бізбен БАӘ-дегі оқу-жаттығу жиынында да болған жоқ. Бізге оның денсаулығы маңызды және қатарға оралуын күтеміз»,– деді Уразбахтин.

Айта кетейік, Чемпиондар лигасының 7-туры аясында «Астана Аренада» өтетін «Қайрат» – «Брюгге» матчы ертең, 20 қаңтарға жоспарланған.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram