19.01.2026 16:49

Иньеста бапкерлікке бет бұруы мүмкін

19.01.2026 16:49

«Барселонаның» бұрынғы жартылай қорғаушысы Андрес Иньеста бапкер ретіндегі мансабын бастауы мүмкін

Mundo Deportivo хабарлауынша, 41 жастағы Испания өкілі Марокко құрамасының бас бапкері Валид Реграгидің штабына кіруі мүмкін. Иньеста кеше Африка кубогының финалы аясындағы Марокконың Сенегалға (0:1) қарсы ойынына шақырту алған екен.

Иньеста футболшы ретіндегі мансабын 2024 жылдың қазан айында аяқтап кеткен еді. Оның соңғы клубы БАӘ-нің «Эмиратес» клубы болды.

Айта кетейік, Марокко 2026 жылғы Әлем чемпионатында Бразилия, Гаити және Шотландия құрамаларымен бірге С тобында ойнайды. АҚШ, Канада және Мексикадағы мундиаль 11 маусым мен 19 шілде аралығында өтеді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram