19.01.2026 15:33

«Наполидің» екі ойыншысы қатардан шықты

19.01.2026 15:33

«Наполи» қорғаушысы Амир Ррахмани мен вингер Маттео Политано жарақат алды

Қос футболшы да «Сассуолоға» (1:0) қарсы ойында бұлшық етін зақымдап алыпты.

Осыған байланысты екеуі Чемпиондар лигасындағы «Копенгагенге» қарсы матчқа қатыспайды. Сондай-ақ олардың «Ювентуспен» кездесуде ойнау-ойнамауы да белгісіз болып тұр.

Неапольдің клубы «Копенгагенмен» 20 қаңтарда кездессе, араға бес күн салып «Ювентуспен» күш сынасады.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram