19.01.2026 20:47
Мане мансабын аяқтайды
19.01.2026 20:47
Сенегал құрамасы мен «Әл-Наср» вингері Садьо Мане Ұлттық құрамадағы мансабын аяқтайтынын айтты

— «Мен мұны бұған дейін де айтқанмын, тағы да қайталаймын. Құдай қаласа, осымен Ұлттық құрамадағы мансабымды аяқтаймын. Жастарға сенуге болатын кез келген сияқты. Олар үмітімді ақтайтынына сенімдімін. Мен 12-ойыншы болып қаламын»,– деді Мане.
Мане Ұлттық құрамадағы дебютін 2012 жылы жасаған еді. Ол содан бері 124 матчта 52 гол соғып, 28 нәтижелі пас берді. Одан бөлек командамен Африка кубогын (2021, 2026) екі мәрте жеңіп алды.
Айта кетейік, Сенегал кеше Марокконы 1:0 есебімен жеңіп, Африка кубогының екі дүркін иегері атанды.