20.01.2026 18:46
«Арсенал» ойыншысы «Марсельге» ауысады
20.01.2026 18:46
Итан Нванери «Арсеналдан» «Марсельге» ауысады

Фабрицио Романоның хабарлауынша, «олимпик» 18 жастағы жартылай қорғаушыны маусым соңына дейін жалға алды. Бірақ, сатып алу құқығы да, мүмкіндігі де қарастырылмады. Сондықтан Итан маусым айында Лондон клубына оралады.
Оның жалақысы мен жалға алу құны шамамен төрт миллион еуроны құрайды екен.
Нванери осы маусымда 12 матчқа қатысып, бір гол соқты.