21.01.2026 02:55
«Реал» 6:1 есебімен жеңіске жетті
21.01.2026 02:55
УЕФА Чемпиондар лигасының 7-турында «Реал» өз алаңында «Монаконы» ойсырата жеңді

«Сантьяго Бернарбеу» стадионында өткен кездесуде 6:1 есебі тіркелді. Алаң иелері сапында Килиан Мбаппе дубль жасаса, Франко Мастантуоно, Винисиус Жуниор және Джуд Беллингем қақпа торын тулатты. Сондай-ақ «Монако» қорғаушысы Тило Керер автогол авторы атанды.
Осылайша «бланкос» 15-ұпайын еншілеп, турнир кестесінде екінші орынға жайғасты.
Альваро Арбелоаның шәкірттері келесі турда 28 қаңтар күні «Бенфикаға» қонаққа барады.