21.01.2026 00:47

«Манчестер Сити» «Будё/Глимтке» есе жіберді

21.01.2026 00:47

УЕФА Чемпиондар лигасының 7-турында «Манчестер Сити» сырт алаңда «Будё/Глимтке» жол берді

Норвегияда өткен кездесуде 3:1 есебі тіркелді. Алаң иелері сапында Каспер Хёг дубль жасаса, Йенс Хауге бір гол соқты. Ал «қалалықтардың» құрамында Райан Шерки мергендік танытты. Сондай-ақ 62-минутта Родри алаңнан қуылып кетті.

Осылайша «Будё/Глимт» алтыншы ұпайын олжалап, турнир кестесінде 26-орынға көтерілді. «Манчестер Сити» болса 13 ұпаймен төртінші орында қалды.

Пеп Гвардиоланың шәкірттері келесі турда 28 қаңтар күні «Галатасарайды» қабылдайды. Ал одан төрт күн бұрын Ағылшын Премьер-лигасында «Вулверхэмптонмен» кездеседі.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram