02.10.2025 10:21
«ПСЖ» тарихи нәтижеге қол жеткізді
02.10.2025 10:21
«ПСЖ» Чемпиондар лигасы негізгі кезеңінің 2-турында «Барселонадан» 2:1 есебімен басым түсті.
Осылайша париждіктер «блаугрананы» еурокубоктың қатарынан үш сырт алаңдағы матчында жеңген алғашқы клуб атанды.
Осыған дейін 2021 жылы және 2024 жылы жеңіске жеткен. Қос матч та 4:1 есебімен «ПСЖ» пайдасына шешілген еді.
Сондай-ақ париждіктер 2025 жылы өзі бірінші гол өткізген 15 матчтың сегізінде камбэк жасап кетті.