02.10.2025 03:27
Кунде: ауыр ойын болды
02.10.2025 03:27
"Барселонаның" қорғаушысы Жюль Кунде команда жіберген қатеге тоқталып, қарсыластың басым тұсын атап өтті
«Олар допты "уысынан" шығармады, физикалық тұрғыда басым болды. Қалағанымыздай прессинг жасай алмадық. Сондықтан бүгін бізге біраз нәрсе жетіспеді, ал қарсыласқа тамаша ойыны үшін құрмет көрсету керек. Сол себепті көңілім толмай отыр».
«Мен таңғалған жоқпын. Біз бұл команданың деңгейін білдік. Өзін сенімді ұстайтын, өте мықты ойыншылары бар команда. Бүгін олар кім екенін көрсетті… Иә, олар - Еуропа чемпиондары. Сондықтан бұл біз үшін өте ауыр матч болды. Бүгін "ПСЖ" бізден мықтырақ болғаны анық», - деді "Барселона" қорғаушысы Жюль Кунде.
Чемпиондар лигасы жалпы кезеңінің екінші айналымында "Барселона" өз алаңында "ПСЖ-ға" есе жіберді. Қос клубтан бірнеше тәжірибелі ойыншы матчқа қатыспады.