02.04.2026 09:01

ПСЖ ойыншысы клуб ауыстыруы мүмкін

02.04.2026 09:01

ПСЖ шабуылшысы Гонсалу Рамуш клуб ауыстыруы мүмкін

Экрем Конурдың хабарлауынша, оған Ағылшын Премьер-лигасының клубтары көз тігіп отыр. Нақтырақ айтсақ, Рамуштың агентімен «Манчестер Юнайтед», «Челси», «Тоттенхэм» және «Ньюкасл» байланысқа шығыпты. Одан бөлек Гонсалуға Италияның, Испанияның және Германияның командалары қызығушылық танытуда.

Париждің клубы Рамушты 2024 жылы «Бенфикадан» 65 миллион еуроға ауысып келген еді. Ол осы маусымда 38 матчта 11 гол соғып, екі нәтижелі пас берді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram