02.04.2026 08:41

Исак қатарға оралды

02.04.2026 08:41

«Ливерпуль» шабуылшысы Александер Исактың жағдайы белгілі болды

Бас бапкер Арне Слоттың айтуынша, ол бүгін командамен бірге жаттығуға қатысады.

26 жастағы швед форварды 20 желтоқсан күні «Тоттенхэмге» (2:1) қарсы матчта тобығын зақымдап алып, содан бері ойнамаған еді.

Исак Мерсисайдтың клубына өткен жазда «Ньюкаслдан» 145 миллион еуроға ауысып келген. Ол осы аралықта 16 матчта үш гол соғып, бір нәтижелі пас берді

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram