02.04.2026 08:27

Гётце «Айнтрахтта» қалды

02.04.2026 08:27

«Айнтрахт» жартылай қорғаушысы Марио Гётце клубта қалды

Қос тарап келісімшартты 2028 жылдың 30 маусымына дейін ұзартты.

Гётце Франкфурт клубына 2022 жылы ПСВ-ден еркін агент ретінде ауысып келген еді. Ол одан бөлек Дортмундтың «Боруссиясы» мен «Баварияда» ойнаған.

33 жастағы неміс жартылай қорғаушысы осы маусымда 26 матчқа қатысып, екі нәтижелі пас берді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram