01.04.2026 18:07
Карим Меңдіқанов «Барселона» ойыншысы атанады
01.04.2026 18:07
15 жастағы Карим Меңдіқанов «Барселона» ойыншысы атанады

Бұл туралы Испанияның беделді басылымы Mundo Deportivo хабарлады. Қос тарап келісімшартқа қол қойыпты. Енді қазақстандық вингер келер маусымда клуб қатарына қосылады. Отандасымыз осыған дейін «Барселонаның» бірнеше жаттығуына қатысқан екен.
Осылайша Карим «Барселона» тарихындағы алғашқы қазақстандық футболшы атанбақ. Ол Испанияға 2022 жылы көшіп келген. Өткен маусымды «Серданьола» сапында өткізсе, биыл «Сант-Кугат» намысын қорғап жүр.