01.04.2026 17:14

«Барселона» Рэшфордты сатып алмады

01.04.2026 17:14

«Барселона» Маркус Рэшфордты «Манчестер Юнайтедтен» толыққанды сатып алмады

Каталонияның клубы оны өткен жазда 30 миллион еуроға сатып алу құқығымен жалға алған еді. Бірақ SER Catalunya журналисі Нил Соланың хабарлауынша сатып алу құқығының мерзімі өтіп кетті, ал «Барселона» оны қолданбады.

Енді «блауграна» Манчестердің клубымен қайтадан келіссөз жүргізбек. «Барселона» Рэшфордты тағы бір маусымға жалға алғысы келеді немесе оны 30 миллионнан арзан сомаға алуды көздейді. Алайда бұған МЮ-дің келісе қоюы неғайбыл.

28 жастағы ағылшын вингері «Барселона» сапындағы 39 матчта 10 гол соғып, 13 нәтижелі пас берді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram