01.04.2026 14:22
Левандовски «Манчестер Юнайтедке» ауысуы мүмкін
01.04.2026 14:22
«Барселона» шабуылшысы Роберт Левандовски мансабын Ағылшын Премьер-лигасында жалғауы мүмкін

Sports Boom хабарлауынша, 37 жастағы поляк форвардына «Манчестер Юнайтед» қызығушылық танытып отыр. Манкуниандықтар оған бір жылға жарамды болатын келісімшарт ұсынуға дайын екен.
Левандовски «блауграна» намысын 2022 жылдан бері қорғап келеді. Ол осы маусымда 37 матчта 16 гол соғып, үш нәтижелі пас берді.