01.04.2026 11:39

Италия антирекорд тіркеді

01.04.2026 11:39

Әлем чемпионатына іріктеу кезеңінің финалында Италия Босния және Герцеговина (1:1, 1:4 пен.) құрамасына жол берді

Осылайша тарихта алғаш рет Әлем чемпионы атанған құрама қатарынан үшінші рет турнирден тыс қалды. Соңғы рет италиялықтар 2014 жылы Бразилиядағы мундиальда ойнаған еді.

Айта кетейік, «скуадра адзурра» — Әлемнің төрт дүркін чемпиондары (1934, 1938, 1982, 2006).

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram