01.04.2026 09:29
«Барселона» ойыншысы АПЛ-ге ауысуы мүмкін
01.04.2026 09:29
«Барселона» қорғаушысы Жюль Кунде мансабын Ағылшын Премьер-лигасында жалғауы мүмкін

Mundo Deportivo хабарлауынша, оған «Ливерпуль», «Челси» және «Манчестер Сити» қызығушылық танытып отыр. Каталонияның клубы жақсы ұсыныс түскен жағдайда ойыншысын сатуға дайын.
27 жастағы француз ойыншысы «блауграна» сапына 2022 жылы «Севильядан» 50 миллион еуроға ауысып келген еді. Ол осы маусымда 40 матчта үш гол соғып, төрт нәтижелі пас берді.