01.04.2026 08:29

Конго Әлем чемпионатына шықты

01.04.2026 08:29

Әлем чемпионатына қосымша іріктеу турнирінің финалында Конго ДР өз алаңында Ямайкадан басым түсті

Матчтағы жалғыз голды экстра таймның 100-минутында «Бёрнли» ойыншысы Аксель Туанзебе соқты.

Осылайша Конго 52 жылдан кейін тарихында екінші рет мундиальға жолдама алды. Бұған дейін 1974 жылы Германияда өткен додаға қатысқан.

«Леопардтар» Португалия, Колумбия және Өзбекстан құрамалары бар К тобына түсті.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram