01.04.2026 08:13

Аргентина Замбияны ойсырата жеңді

01.04.2026 08:13

Халықаралық жолдастық кездесу аясында Аргентина өз алаңында Замбиядан басым түсті

Буэнос-Айресте өткен кездесу 5:0 есебімен аяқталды. Алаң иелерінің сапында Лионель Месси, Хулиан Альварес, Николас Отаменди және Валентин Барко мергендік танытты. Сондай-ақ Доминик Чанда автогол авторы атанды.

«Альбиселесте» бұған дейін төрт күн бұрын Мавританияны 2:1 есебімен жеңген еді.

Лионель Скалони шәкірттері биылғы Әлем чемпионатында Алжир, Аустрия және Иорданиямен J тобында ойнайды.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram