01.04.2026 12:47

Фримпонг жарақат алды

01.04.2026 12:47

«Ливерпуль» қорғаушысы Жереми Фримпонг жарақат алды

25 жастағы Нидерланд құрамасының ойыншысы Эквадорға (1:1) қарсы жолдастық кездесуде жарақат алды. Ол ойынға екінші таймда тыңнан қосылып, 58-минутта алаңдағы орнын босатты.

Матчтан кейін бас бапкері Рональд Куман оның жарақат алғанын растады. Енді Фримпонг медициналық тексерістен өтеді. Нәтижесінде жарақатының қаншалықты ауыр екені болады.

Фримпонг «Ливерпульге» өткен жазда «Байерден» ауысып келген еді. Ол осы маусымда 26 матчта екі гол соғып, екі нәтижелі пас берді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram