01.04.2026 23:07
Хусанов «Манчестер Ситидің» үздік ойыншысы атанды
01.04.2026 23:07
Абдуқодир Хусанов «Манчестер Ситидің» наурыздағы үздік ойыншысы атанды

22 жастағы өзбекстандық қорғаушы өткен айда клубтың барлық алты матчына да қатысты. Осылайша ол жанкүйерлердің дауыс беру нәтижесінде Родри мен Жереми Докуды артқа тастады.
Бұл оның осы аталым бойынша үшінші рет топ жаруы. Осыған дейін 2025 жылы ақпанда және биыл қаңтарда бәрінен озық болған.
Хусанов «қалалықтардың» намысын 2025 жылдың қаңтар айынан бері қорғап келеді. Ол осы маусымда 29 матчқа қатысып, нәтижелі әрекетімен көзге түсе алмады.