31.05.2026 17:52
ПСЖ ойыншысы «Челсиге» ауысуы мүмкін
31.05.2026 17:52
ПСЖ қорғаушысы Илья Забарный мансабын Ағылшын Премьер-лигасында жалғауы мүмкін

Foot Mercato хабарлауынша, оған «Челси» қызығушылық танытуда және жазда қатарына қосқысы келеді. Лондонның клубы Ильяны Хаби Алонсоның ойын жүйесіне дәл келетін футболшы деп біледі.
Париждің командасы Забарныйды өткен жазда «Борнмуттан» 63 миллион еуроға сатып алған еді. 23 жастағы украиналық ойыншы осы маусымда 37 матчқа қатысып, бір гол соқты. Оның ПСЖ-мен келісімшарты 2030 жылдың 30 маусымына дейін жарамды.