31.05.2026 15:30
Родри «Реалға» ауысуы мүмкін
31.05.2026 15:30
«Манчестер Сити» жартылай қорғаушысы Родри мансабын «Реалда» жалғауы мүмкін

Cope хабарлауынша, Родридің агенті «Реал» президенттігіне үміткер Энрике Рикельмемен кездесіпті. Бірақ әлі ресми келіссөз басталмаған. Рикельме Родриді қатты бағалайды және президент атанса бірден қатарға қосқысы келеді.
Родри «Манчестер Ситиге» 2019 жылы «Атлетикодан» 70 миллион еуроға ауысып келген еді. Ол осы маусымда 33 матчқа қатысып, екі гол соқты.