31.05.2026 11:13

Хакими рекорд орнатты

31.05.2026 11:13

Чемпиондар лигасының финалында ПСЖ «Арсеналды» (1:1, пен. 4:3) тізе бүктірді

Осылайша Париж клубының марокколық қорғаушысы Ашраф Хакими ең көп трофей жеңген африкалық ойыншы атанды. Бұл оның мансабындағы 19-титул болып, Ашраф еншісінде 18 кубок бар камерундық Самюэль Это'О мен Кот-д'Ивуар өкілі Яя Турені артқа тастады.

Хакими ПСЖ намысын 2021 жылдан бері қорғап келеді. 27 жастағы ойыншы осы маусымда 32 матчта үш гол соғып, тоғыз нәтижелі пас берді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram