31.05.2026 09:34
Артета: «пенальти сериясында жеңілген өте ауыр»
31.05.2026 09:34
«Арсенал» бас бапкері Микель Артета Чемпиондар лигасының финалындағы ПСЖ-ға (1:1, пен. 3:4) қарсы жеңілістен кейін пікір білдірді

«Бүкіл маусым бойы сүрінбей келіп, финалда пенальти сериясында жеңілген өте ауыр.
Мен өз ойыншыларымды мақтан тұтамын. Олар бізге талай қуаныш сыйлады. Мұндай команданы жаттықтыру мен үшін үлкен мәртебе.
ПСЖ-ға қарсы ойнау расымен қиын. Сондықтан олар екі маусым қатарынан чемпион атанды. ПСЖ – топ команда. Жеке шеберліктері де, бапкердің біліктілігі де жоғары деңгейде»,– деді Артета
Артета «Арсеналмен» биыл Ағылшын Премьер-лигасында топ жарған еді.