31.05.2026 00:12

ПСЖ Чемпиондар лигасында топ жарды

31.05.2026 00:12

ПСЖ қатарынан екінші рет Чемпиондар лигасының жеңімпазы атанды

Париждің клубы Венгрия астанасы Будапеште өткен матчта «Арсеналды» тізе бүктірді. Ойынның негізгі уақыты 1:1 есебімен аяқталды. Алғашқы голды 6-минутта Кай Хаверц соқса, 65-минутта Осман Дембеле пенальтиден таразы басын теңестірді. Ал пенальти сериясында ПСЖ 4:3 есебімен басым түсті. Ойынның бұл бөлігінде «Арсенал» сапынан Эберечи Эзе мен Габриел, ал ПСЖ құрамында Нуну Мендеш 11 метр айып добынан мүлт кетті.

Осылайша Луис Энрике шәкірттері чемпиондық атағын қорғап қалды. Былтыр олар Мюнхендегі «Альянц Аренада» өткен финалда «Интерді» 5:0 есебімен жеңген еді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram