30.05.2026 22:50

ПСЖ – «Арсенал»: 2018 жылдан бері болмаған нәтиже тіркелді

30.05.2026 22:50

Чемпиондар лигасының финалында ПСЖ мен «Арсенал» тең ойнап жатыр

Венгрия астанасы Будапеште өтіп жатқан матчта есеп 1:1. Ойынның 6-минутында Кай Хаверц есеп ашса, 65-минутта Осман Дембеле таразы басын пенальтиден теңестірді.

Осылайша турнирдің финалында 2018 жылдан бері алғаш рет қос команда да гол соқты. Ол кезде ақтық матч Украинаның Киев қаласында өтіп, «Реал» «Ливерпульді» 3:1 есебімен жеңген.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram