30.05.2026 21:29
Хаверц Роналду мен Манджукичтің нәтижесін қайталады
30.05.2026 21:29
«Арсенал» шабуылшысы Кай Хаверц үздіктер қатарына қосылды

26 жастағы неміс форварды ПСЖ-ға (әзірге есеп – 1:0) қарсы ойынның 6-минутында есеп ашты.
Осылайша ол Чемпиондар лигасының финалында екінші рет мергендік танытты. Бұдан бөлек 2021 жылғы финалда «Челси» сапында жүріп, «Манчестер Сити» (1:0) қақпасының торын тулатқан.
Осыған дейін турнирдің ақтық ойынында екі түрлі командада жүріп тек Криштиану Роналду («Реал», «Манчестер Юнайтед»), Марио Манджукич («Ювентус», «Бавария») гол соққан екен.