31.05.2026 00:31

ПСЖ – «Арсенал» матчының үздік ойыншысы белгілі болды

31.05.2026 00:31

Чемпиондар лигасы финалындағы ПСЖ – «Арсенал» матчының үздік ойыншысы белгілі болды

Ол Париж клубының жартылай қорғаушысы Витинья атанды. 26 жастағы португалиялық ойыншы алаңда 105 минут ойқастады. Осы уақыт ішінде 12,7 шақырым жүгіріп тастаса, ең жоғарғы жылдамдығы сағатына 30,6 шақырымды құрады. Сондай-ақ берген пасының 97%-ы дәл болды.

Матч 1:1 есебімен тең аяқталып, Луис Энрике шәкірттері пенальти сериясында 4:3 есебімен жеңіске жетті. Осылайша ПСЖ қатарынан екі маусым Чемпиондар лигасында топ жарды.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram